423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент қаласы сәулет басқармасының басшысы пара алу кезінде ұсталды

  • 362
  • UPD: 12:59, 11.06.2020
Шымкент қаласы сәулет басқармасының басшысы пара алу кезінде ұсталды

Пара алды деген күдік бойынша Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Шымкенттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Хабарланып отырғандай, күдікті 2019 жылдың тамыз айынан бастап мердігермен сөз байласып, ірі көлемдегі ақшаны жымқырған. Мердігермен мемлекеттік сатып алу бойынша келісімге келіп, сәулет және қала құрылысы саласындағы жарамсыз топографиялық түсірілім үшін қаражат аударған.

«Осы жылдың 9 маусымында басқарма басшысы ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.

Хабар 24 телеарнасы