418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі артады

  • 193
  • UPD: 14:23, 11.06.2020
Елімізде медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі артады

Тегін медициналық көмек және әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетілетін қызмет үшін ақша алған дәрігер жазаланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вакцинаның сапасы мен қауіпсіздігіне салғырт қараған маман да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал 21 жасқа толмаған адамға қорқор, снюс және өзге де есірткіге ұқсас заттар сатқандар заң алдында жауап береді. Бұл «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте айқын көрсетілген. Медициналық қызметпен айналысуға рұқсат ететін лицензия енді тек орталықтан беріледі. Қызмет көрсету стандартын әзірлеу кезінде бірыңғай тәсіл қолданылады. Сондай-ақ, этика мәселелері жөніндегі комиссияның рөлі мен мәртебесі реттеледі.

 

 

Хабар 24 телеарнасы