423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында «Егістіктен – сөреге дейін» жобасы қолға алынды

  • 657
  • UPD: 14:27, 11.06.2020
Ақмола облысында «Егістіктен – сөреге дейін» жобасы қолға алынды

Ақмола облысына қарасты Қарабұлақ ауылының шаруалары «Егістіктен – сөреге дейін» жобасын қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді олар өздері өсірген көкөністі алқаптан бірден Степногорск қаласындағы базарларға тікелей жеткізіп береді. Игі істі шаһардағы кейбір кәсіпкерлер де қолдап отыр,  дейді диқандар. Осылайша бұған дейін елордадан немесе басқа облыстардан сатып алынатын картоп, қызылша, сәбіз секілді көкөністер енді жақын жерден жеткізілмек. Арада алыпсатар жоқ болған соң, баға да тұрақталады. Өнім тұтынушыға сапалы күйде жетеді. Шаруалар бұл істі әзірге 3 жарым гектардан бастады. 

Өмірзақ Өтелов, жеке кәсіпкер:

– Бірінші пилоттық жоба. Келер жылы бұдан да үлкейтуге ниетіміз бар. 100 гектарға дейін керек. Халыққа сапалы өнім, арзан бағада, сол – мақсатымыз.

Хабар 24 телеарнасы