431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы қаласы мен облысына қайтадан блокпост қойылғаны жалған ақпарат болып шықты

  • 331
  • UPD: 17:39, 11.06.2020
Алматы қаласы мен облысына қайтадан блокпост қойылғаны жалған ақпарат болып шықты

Алматы қаласы мен облыс маңына блокбекеттер қойылды деген ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Жалған ақпаратты белгісіз қолданушылар әлеуметтік желіге жүктеген. Ақпаратта Алматыдан шығар жолда, Қаскелең, Шамалған және Ұзынағаш бағытында тосқауыл бекеттері қойылды деп жазылған. Алайда полиция департаменті қала шетінде ешқандай да бекет болмайтынын айтты.

Хабар 24 телеарнасы