426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында өртеніп жатқан жердің маңайын полиция күзетіп тұр

  • 315
  • UPD: 19:59, 11.06.2020
Алматы облысында өртеніп жатқан жердің маңайын полиция күзетіп тұр

Алматы облысының Іле ауданындағы қоқыс полигоны екінші күн өртеніп жатыр. Техника мен адам күші жетпеген соң бүгін таңертеңгілік тікұшақ көмекке барды. Кеше қою түтін тұмшалап, Алматы-Өскемен тас жолында көліктер түйісіп қалған. Енді маңайдағы ауыл тұрғындарынан береке қашты. 

Будақтаған түтін алыстан байқалады. Полигон тұсына жете бергенде көк түтін қоюлана түсті. Тура сол маңға полиция сақшысы қойылған. Жүйткіп келген көліктер жылдамдықты азайтып, апат белгісін жағып өтуі тиіс. Кеше кешке осы тұста 8 көлік соғылып қалды. 

Ұлан Нарынбек, тілші:

- Қоқыс полигонында кешелі бері арнайы техника тынбай жұмыс істеп жатыр. Жалпы полигонның аумағы 38 гектар екен. Соның үш гектары өрткен оранған.  

Бүгін таңертеңнен бастап өртті сөндіруге әуе техникасы жұмылдырылды. Екі шақырым жерде көл бар. Тікұшақ суды сол жерден алады. Түске дейін ол 100 тоннадан астам су шашты. Одан өзге алпыстан астам адам мен 9 техника және тракторлар жұмылдырылған. 

Данияр Ысқақов, облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің бастығы:

- Су құйғаннан басқа бізде рекультивация дейміз. Жаңағы ауыр техникалармен өрт ошағына топырақтар жеткізіліп сонымен ауыр техикамен үстінен тапталып рекультивация жасалып жатыр. Өшіріп жатқан жерлерде шоқ бар ғой. Сол жел қайтадан көтеріп қайтадан өрт шығуы мүмкін желдің әсерінен. Сондықтан желдің болмағаны дұрыс.

Жел қай жаққа соқса, көк түтін сол жақты басады. Әсіресе полигонның тура қарсы бетінде орналасқан саяжай тұрғындары ащы иіс әбден қолқаны қауып, шаршатты. Кешелі бері есік-терезе ашпай отырмыз, дейді. Бүгін сол тұстан ауа сынамасын алған Қазгидромет мекемесі күкірт диоксиді мен формальдигиттің мөлшері нормадан артық екенін жариялады.

БЛИЦ:

- Иісі бар енді. Өртеніп жатыр ғой. Кім кінәлі енді оған? Шынымен де түнімен демала алмай қалдық.

- Жаман болып кетті мынаның іші. Далаға шығуға да болмайды. Есікті ашсаң үйге бұрқырап анау ыс кіреді. 

Алматы-Өскемен тас жолының бойындағы қоқыс полигоны 2009 жылы ашылған. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Ол арнайы тексеруден кейін анықталады.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы