423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Bek Air компаниясынан жолаушыларға келген шығын сомасы артты

  • 388
  • UPD: 22:21, 11.06.2020
Bek Air компаниясынан жолаушыларға келген шығын сомасы артты

«Бек Эйр» әуе компаниясына қатысты сот процесі жалғасып жатыр.  Бүгін компанияның жолаушыларға келтірген залалы тағы 3 млн теңгеге ұлғайғаны айтылды.

Әуе тасымалдаушыдан билет сатып алған 890 адам өз уақытында ешқайда ұша алмағандықтан, ақшаларын қайтаруды талап еткен. Жауапқа әуе билеттерін сатумен айналысқан «Aviata» компаниясы да тартылды. «Век Эйр» компаниясынан талап етіліп отырған өтемақы 52 млн теңге. Алайда жауап беруші шағыммен келіспей отыр. Компания өкілі жолаушылар отырғызу талондарын «арнайы тарифпен» алғандықтан ақшалары қайтарылмайды деген уәж айтады. Бірақ заң бойынша билетке төленген ақша қайтарылуы тиіс. Ал әзірге бұл әуе компаниясының мүлкіне салынған тыйым алынған жоқ. Келесі аптада сот процесіне қатысушы тараптардың жарыссөзі өтеді.

Хабар 24 телеарнасы