417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Естелік жолы» жобасы Ұлы Отан соғысына қатысқан миллиондаған жауынгердің дерегін жинады

  • 199
«Естелік жолы» жобасы Ұлы Отан соғысына қатысқан миллиондаған жауынгердің дерегін жинады

Мәскеу облысындағы «Патриот» саябағында жаңа ауқымды мұражай кешені салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми ашылуына дейін оған шетелдік елшілер мен дипломаттар барып қайтты. Музей Ресей қарулы күштері Бас ғибадатханасының аумағында орналасқан. «Естелік жолы» галереясының ұзындығы – 1418 қадам. Тап осынша күнге Ұлы Отан соғысы жалғасқан еді. Интерактивты галереяда 33 миллион сарбаздың дерегі орын алған. Бұл қор үнемі толықтырылып тұрады. Сұрапыл соғысқа қатысқан туыстарының естелігін сақтағысы келген әр адам жоба сайтына мәлімет енгізе алады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Ұлы Отан соғысына Қазақстанның 1 миллион 196 мың азаматы қатысқан. Олардың 602 мыңы майданда қаза тапты.

Ермек Көшербаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:

– Мен қарап, бірнеше аты-жөнді тердім. Қазақстандық жауынгерлер көп. Бұл бұрынғы Кеңес Одағы, ал қазір Ресей әскерінің Орталық мұрағатынан алынған деректер болғандықтан, олардың ұрпақтары білмеуі де мүмкін деп ойлаймын. «Естелік жолы» – барлық елге ортақ жоба.

Хабар 24 телеарнасы