418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылысқа байланысты сот отырысы басталды

  • 182
  • UPD: 12:59, 12.06.2020
Арыстағы жарылысқа байланысты сот отырысы басталды

Шымкент гарнизонының әскери соты былтыр 24 маусымда Арыста болған жарылысқа қатысты қылмыстық істі қарауды бастады, деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Қылмыстық іс бойынша 16 адамға айып тағылды, 1473 адам зардап шеккендер ретінде танылды. Олардан бөлек сотқа сотталушылардың адвокаттары мен прокурорлар қатысады. Бірінші сот отырысына 204 қатысушы келді, оның 16-сы сотталушы, 19 адвокат, 3 қоғамдық қорғаушы, 5 прокурор мен 165 зардап шеккен адам», - делінген соттың хабарламасында.

Сондай-ақ санитарлық эпидемиологиялық талаптарды орындау барысында сот залына барлық қатысушы кіргізілмеді.

Еске салайық, былтыр 24 маусымда таңғы уақытта Арыс қаласының маңындағы әскери қойма территориясында снарядтар жарылған болатын. Кейін қала толықтай эвакуацияланған еді.

Төтенше жағдайдан үш адам қаза тауып, 200-ден аса адам зардап шеккен.

Хабар 24 телеарнасы