423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында қатты дауылдан бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті

  • 350
  • UPD: 15:11, 12.06.2020
Ақтөбе облысында қатты дауылдан бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті

Ақтөбе облысының Темір ауданында қатты дауыл соғып, салдарынан бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат тосын мінезін бүгін таң алдында танытқан. Дүлей желден екі қабатты тұрғын үй мен емхана және мектеп шатырының бір бөлігі жерге құлап түсті. Электр желілері зақымдалып, мыңға жуық абонент жарықсыз қалды. Сондай-ақ төрт бағана темір жол жиегіне құлаған. Салдарынан Атырау - Нұр-Сұлтан жолаушылар пойызы екі сағаттан астам уақыт тоқтап тұрды. Қазір аудан орталығы Шұбар-құдықта бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.   

Рупасқар Төлешев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Жергілікті атқарушы органмен жұмыс жасалып жатыр. 2-3 сағаттың ішінде барлық абонентке жарық беріледі. Шатырдың ұшып кетуіне байланысты Темір әкімдігінен комиссия құрылып, актілер жасалады. Нәтижесі болады.

Хабар 24 телеарнасы