426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілуі мүмкін бе

  • 355
  • UPD: 16:32, 12.06.2020
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілуі мүмкін бе

Соңғы күндері COVID-19-дан төрт адам қайтыс болды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі шектеу және карантин шараларына қарамастан, халықтың бір бөлігі COVID-19 індетінің бар екеніне сенбейді. Олар маска кию, қашықтық сақтау, қолды антисептикпен өңдеу туралы қойылатын негізгі талаптарды сақтамайды. Бұл туралы брифинг барысында Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер қала тұрғындары мен кәсіпорын басшылығы санитарлық талаптарға немқұрайлы қараса, елордада карантин күшейтілуі мүмкін.

«Науқастардың саны көбейген жағдайда қаланың бас санитарлық дәрігері ретінде эпидемиологиялық жағдайды бағалай отырып, коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін шектеу және карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға мәжбүр боламын. Айналаңыздағы адамдардың өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарағаныңыз біздің елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік бермейді», – деді Жанна Пірәлиева.

Індет жұқтырғандардың 3,4%-ы бөтен сипатқа ие, 38,5%-ы COVID-19 бар науқастармен байланыс кезінде жұқтырған, 56,5%-ында жергілікті инфекция бар.

Елорданы өңдеу бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақ залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстары жаяу да, арнайы машиналар көмегімен де жүргізілуде.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратындардың саны өсіп жатқандығы хабарланған болатын. Сонымен қатар соңғы күндері COVID-19-дан төрт адам қайтыс болды. Нұр-Сұлтанда коронавирус пандемиясы басталғалы бері барлығы 2620 адам індет жұқтырған, оның 270-і балалар. 1 829 адам немесе 70% емделіп шықты.

Хабар 24 телеарнасы