418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 15 маусымда ашылады

  • 230
  • UPD: 17:02, 12.06.2020
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 15 маусымда ашылады

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 15 маусымда ашылады.

Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев facebook парақшасында хабарлады.

«15 маусымнан бастап Қожа Ахмет Ясауи кесенесін ашамыз. Карантин жағдайының ұзаруына байланысты нысан жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Енді қала қонақтары қасиетті орынға келіп, зиярат ете алады. Сонымен қатар жаңарған қаланың өзгерісіне куә боласыздар. Туристер үшін кесене рухани орталық ретінде қайта жаңғырмақ», - деп жазды.

Қауіпсіздік үшін карантин талаптарын қатаң сақтау керек екенін еске салды.⠀

Хабар 24 телеарнасы