419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөл жағалауында арнайы зертхана жұмыс істейді    

  • 194
  • UPD: 22:51, 12.06.2020

Алакөлдің Алматы облысындағы бөлігінде алдағы шомылу маусымында коронавирус инфекциясын анықтауға арналған арнайы зертхана болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туристерден вирустық инфекция белгілері байқалған жағдайда анализ тегін жасалады. Жергілікті амбулатория қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Жедел жәрдем қызметі де бар. Алакөл жағалауындағы демалыс орындары 13 маусымда ашылады. Ардақ Айбарұлы әңгімелейді.

Алакөлдің Алматы облысындағы бөлігіне келемін деушілерге 200-ден астам демалыс орны қызмет көрсетеді. Дегенмен пансиотаттар биыл ерекше жағдайда жұмыс істейді. Қауіпсіздік ережелері мен барлық талапты мобилдік топ мүшелері егжей-тегжейлі түсіндірді.

Толқын Көжебаева, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бд бөлім басшысы:

– Басты қойылатын талаптар санитайзерлер қою бүкіл демалыс орындарында, екіншіден, бетперде кию, ал жұмысшыларға бетперде және қолғаптар кию болып келеді. Сонан кейін арақашықтықты сақтау. Бұл арақашықтықты сақтау асханаларда, содан кейін пляждарда.

Мобилдік топ мүшелері үш күннің ішінде көл жағалауындағы барлық демалыс орнын тексеріп шықты. Соның 50 проценті ғана алдағы шомылу маусымының ашылуына дайын. Ал осы демалыс күндері Алакөлдің Алматы облысындағы бөлігінде орналасқан 5 қонақ үй туристерді қабылдай бастайды. Қалғанына жұмыс барысында кеткен кемшіліктірді жою үшін екі аптадай уақыт берілді.

Ардақ Байқұлова, демалыс орнының директоры:

– Алдымызға қойған бұл шарттар ешқандай қиындық тудырмайды. Өйткені біз отельге кіретін туннель қоямыз. Адамдардың барлығы сол туннель арқылы өтіп, температураларын өлшеп, бірақ кіргіземіз. Егер температурасы адамның мөлшерден көп болса, онда біз территорияға кіргізбейміз.

Демалыс орындары саяхатшылардан коронавирус инфекциясына тапсырған анализ қорытындысын талап етпейді. Ал келушілерден ауру белгілері байқалған жағдайда ауылдық амбулаторияның қызметкерлері көмекке келеді.

Қайрат Баймұхамбетов, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін БД басшысы:

– Осы жерге жылжымалы зертхананы әкелетін болдық. Осы жерде Ақшидің амбулаториясында болады. Осы жерде ауру белгісі бар кісілер болатын болса, демалушылардан стегін анализ алып, оқшаулаймыз. 

Көл жағалауында бетпердесіз жүруге рұқсат берілген. Дегенмен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаған абзал, дейді мамандар.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

 

Хабар 24 телеарнасы