420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да кәсіпкерлер эпидемиологиялық талаптарға жүрдім-бардым қарайды

  • 325
  • UPD: 20:20, 12.06.2020
ШҚО-да кәсіпкерлер эпидемиологиялық талаптарға жүрдім-бардым қарайды

Еліміздің шығысындағы кәсіпкерлік нысандар эпидемиологиялық талаптарға жүрдім-бардым қарап отыр. Бір ай ішінде 700-ден аса ереже бұзушылық анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Өскемен қаласында жүргізілген рейд шағын және орта бизнес өкілдерінің жауапсыздығын тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Тексеру тобы бас сұққан алғашқы дәмханада қолды зарарсыздандыратын құрал болмай шықты. Қызметкерлер медициналық маска тақпаған.  Келесі тамақтанатын орында да осыған ұқсас жағдай. Ас ішіп отырған адамдар арақашықтықты қаперге алмаған. Столдар бір-біріне жақын қойылған. Бұл тек тамақтану орындарына қатысты туындаған ереже бұзушылық емес. Шаштараздар да маска мен қолғапсыз жұмыс істеп жатыр. Анықталған дәйектер бойынша комиссия мүшелері акт толтырды.

Михаил Дерябин, Өскемен қаласының бас санитарлық дәрігері:

– Менің ойымша, қандай да бір пәрменді шаралар қолданатын кез жеткен сияқты.   Бізде шағын және микробизнесті тексеру   құқығымыз бары  бекітілген  барлық  нормативтік базамыз, ҚР Денсаулық сақтау министірінің бұйрығы бар.

Хабар 24 телеарнасы