429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы маңындағы қоқыс полигоны әлі жанып жатыр   

  • 227
  • UPD: 20:21, 12.06.2020
Алматы маңындағы қоқыс полигоны әлі жанып жатыр   

Қапшағай автожолының бойындағы қоқыс полигонындағы өрт әлі де бықсып жанып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, 10 маусымда басталған тілсіз жау 3 гектар жерді шарпыған еді. Сол уақыттан бері тікұшақтан 600 тонна су, ал жерде өрт сөндіру көліктері арқылы 168 тонна су себілді. Сондай-ақ, 1200 тонна құм төгілді. Алайда өрт 10-15 метр тереңдіктен бықсып жанып жатқандықтан, өртті толықтай сөндіру әзірге мүмкін болмай отыр. Тілсіз жаумен күресіп жатқан 100 өрт сөндірушіге ыстық тамақ жеткізу ұйымдастырылған.

 

Хабар 24 телеарнасы