429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында темекінің ірі партиясы тәркіленді

  • 301
  • UPD: 21:22, 12.06.2020
Жамбыл облысында темекінің ірі партиясы тәркіленді

Жамбыл облысындағы «Қарасу» бекетінде Қырғызстаннан елімізге темекінің ірі партиясын алып кірмек болғандар ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шамамен 400 мың темекі қорабы анықталды. Контрабандалық жолмен пайда тапқысы келгендер шылымды тауық еті тиелген жүкке жасырған. Тексеріс кезінде рұқсат құжаттар мен акциз маркалары болмай шықты. Атап өтейік, бұл алғашқы жағдай емес. Темекі партиясы Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы