425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр диқандары дән себуді аяқтады  

  • 244
  • UPD: 21:22, 12.06.2020
Сыр диқандары дән себуді аяқтады  

Сыр диқандары күріш егуді аяқтап, суға бастырып қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерте көктемнен жер жырту, топырақ тегістеуге кіріскен шаруалар 183 мың гектар алқапқа дән септі. Оның 86 мыңдайы аймақ бренді ақ маржанның үлесінде. Соқа-кетпені сайлаулы егіншілер әртараптандыруға ден қойып, былтыр күріштен бөлек соя егуді бастаған. Биыл егістік көлемін 290 гектарға ұлғайтып отыр. Одан өзге қант құмайы, жүгері мен жеміс-жидек көптеп отырғызылды. Арпа, бидай, мақсарыны да баптап отырған өңір шаруалары жоңышқаның алғашқы орымына кірісіп кетті. Қазір еңбекші қауым жайқалған өскінді зиянкестерден қорғау қарекетіне көшіп, саяқ және үйірлі шегірткемен күресті күшейтті. Сыр өзенін жайлаған диқандардың қазіргі басты уайымы су тапшылығы болып тұр. Аймақтағы арық-атыз, арналар аршылып, гидроқұрылғылар қалпына келтірілді. Дегенмен Сырдарияда су деңгейі биыл өте төмен.

Сейілбек Нұрымбетов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Облыс әкімдігімен Үкіметке, геологиялық, ауыл шаруашылығы министрлігіне бізге қажетті лимитті вегетация кезінде облысты қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар бердік. Қазір қаралып жатыр. Бекітілген лимит шегінде шілде, тамыз айының басында облысқа қосымша жоғарыдан су беру жөнінде үмітпен қарап отырмыз. Өйткені қосымша су келмесе тапшылық болады.

 

Хабар 24 телеарнасы