421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында екі жерге блокпост қойылды

  • 464
  • UPD: 12:05, 13.06.2020
Қарағанды облысында екі жерге блокпост қойылды

Бүгіннен бастап Қарағанды облысында карантин талаптары күшейді. Оған өңірде коронавирус жұқтырғандар санынан артуы себеп болып отыр.

Мысалы, Жезқазған маңында Қарқаралы ауданында және Шет ауданының Жарық ауылында тосқауыл бекеттер қойылды. Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекемелердің мамандары негізінен қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Сауда және қоғамдық қызмет көрсету орындарының жұмыс кестесіне өзгеріс енді. Қарағанды өңірінде қазіргі кезде 1 мың 342 тұрғыннан қауіпті вирус анықталған.

Хабар 24 телеарнасы