432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түлкібас ауданында егінді тамшылатып суаратын болады

  • 356
  • UPD: 15:21, 13.06.2020
Түлкібас ауданында егінді тамшылатып суаратын болады

Түркістан облысының Түлкібас ауданында үй маңындағы жерлерді тиімді пайдалану үшін израильдік технология қолданылмақ. Жаңа технология тамшылатып суару әдісіне негізделген.

«Үй іргесіндегі бақша дақылдарын тамшылатып суару арқылы мол өнім алуға болады» дейді мамандар. Шақпақ ауылында өткен көшпелі отырыста ғалымар мен агрономдар шаруалар мен мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек және қайтарымысыз грант алуға ниетті азаматтарға үй іргесіндегі жерге израильдік технологияны енгізудің тиімділігін түсіндірді. Семинар барысында өз кәсібін ашқысы келетін тұрғындарға тамшылатып суғару тәсілін қолданып, үй іргесіндегі жерге қызанақ отырғызған жеке кәсіпкердің тәжірибесі көрсетілді.

Кәсіпкердің айтуынша, израильдік технологияның қарапайым арық арқылы суғару әдісінен ерекшелігі жерді аударып дайындауды және арық қазуды қажет етпейді. Қарапайым суару әдісіне қарағанда су үнемдеуге, өнімді 3 есе көп алуға болады. Сондай-ақ егілген көкөністің айналасына арамшөп шықпайды. Аудан әкімдігі тарапынан жаңа технологияны орнатуға қызығушылық білдірген азаматтарға жан жақты қолдаулар көрсетілуде.

Нұрлан Байғұт, Түлкібас ауданының әкімі:

- Толық қолдау көрсетеміз. Басында айтқандай технологияны толық үйретеді. Балапан өсірген сияқты әр әкім сіздердің қастарыңызда болады өнім алғанша. Толық мүмкнідік бар, істеп жатқан азаматтарды көрдіңіздер. Айналып келгенде бұл тірліктің бәрі өзімізге керек. Түлкібаста 112 мың халық тұрса, сіздер алғашқы қарлығашсыздар.

Хабар 24 телеарнасы