432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда орманға жай түсіп, өрт тұтанды

  • 352
  • UPD: 16:01, 13.06.2020
Бурабайда орманға жай түсіп, өрт тұтанды

Ақмола облысы Бурабай ауданы аумағында орман өртенді, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін сағат 11:00 шамасында Жасыл ауылынан 5 шақырым жердегі «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты Жалайыр орман шаруашылығы аумағында болды.

От тұтануына жай түсуі себеп болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты Жалайыр орман шаруашылығының 12 жұмысшысы, ТЖД жеке құрамынан 15 қызметкер тартылды.

«Өрт орман алқабының 0,08 гектарын шарпыды. Сағат 11:25 шамасында өрт ауыздықталды. Зардап шекендер мен мерт болғандар жоқ», - деді Бурабай аудандық ТЖБ бастығы Қанат Бабаев.

Хабар 24 телеарнасы