429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 52 жоба жүзеге асырылып жатыр

  • 392
  • UPD: 08:03, 14.06.2020

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 52 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, әлеуметтік нысандарды жөндеп, қайта жаңғыртуға ерекше басымдық беріліп отыр. Бұл бағытта 1,4 миллиардқа жуық қаражат бөлініп, қазір жұмыс қарқынды жүргізілуде.

Мойынқұм ауданында қазір «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында  білім беру саласына қатысты 20 нысан жөнделіп жатыр. Бағдарлама шарты бойынша мердігерлер құрылыс жұмыстарына бірінші кезекте жергілікті тұрғындарды тартуы тиіс. Ерлан Мұқатаев жоба аясында жұмысқа алынған жігіттердің бірі. Қазір ол ауыл азаматтарымен бірлесіп мектеп ғимаратын жөндеп жатыр.

Ерлан Мұқатаев, Мойынқұм ауылының тұрғыны:

– «Жұмыспен қамтумен» осы жерге келгенбіз. Сылақ сылап жатырмыз. Өзіміздің ауылдағы бастауыш мектеп. Соны сылап атсалысып жатырмыз. Басқа да жұмыс бар. Балалар терезе салып жатыр.

Нұржан Қалымбетов, мердігер:

– Жұмыспен қамту – ең бірінші мәселе. Істеп жатқан кісінің барлығы осы ауылдың адамдары. Қазір 16 адамдай еңбек етіп жатыр.

Ауданда биыл 900-ден астам адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Қазір 503 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып, жоспар 52 процентке орындалды. Тізімдегі қалған азаматтар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жүзеге асыру көзделіп отыр. Оларға мектеп, су құбырларын тарту, жол жөндеу кезінде жұмыс беріледі.

Жайдар Ысқақов, Мойынқұм аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы:

– Аудандағы  236 адамды жұмыспен қамту керек еді. Осының қазір 147-і бағдаралма арқылысы жұмысқа жолданды.

Жалпы, Жамбыл облысында биыл 700-ге жуық инфрақұрылым жоба жүзеге асырылады. Бұл бағытта «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 70 миллиардтан астам қаражат қарастырылып отыр. Әсіресе, әлеуметтік-мәдени, тұрғын-үй, инженерлік-көлік инфрақұрылымы және елді мекендерді абаттандыруға ерекше басымдық берілмек. 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашып, жұмыссыз азаматтарды тарту көзделіп отыр.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы