418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

  • 183
  • UPD: 15:29, 14.06.2020
Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Ақтөбеде кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, мыңнан астам адамға тұрақты қызмет түрлері ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білікті маман іздеген түрлі саладағы компаниялар  жоғабос ры жалақы төлеуге де дайын екендіктерін жеткізді. Шара барысында негізінен мұнай-газ, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылығымен айналысатын ұйымдар маусымдық жұмыстарға да жолдама берді. Сондай-ақ, қатысушыларға кәсіпкерлік негіздерін меңгеру, шағын несие мен қайтарымсыз грантқа ие болу жолдары түсіндірілді. Жалпы, биыл қала бойынша 7 мың 300-ден астам жаңа жұмыс орнын құрып, 3 мың 600 адамды еңбекпен қамту көзделген. Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзден аса инфрақұрылымдық жоба жүзеге аспақ. Бұл мақсатқа 30 млрд-қа жуық қаржы бөлінген. Нәтижесінде бірнеше елді мекенде  абаттандыру жұмыстары жүреді.

Асхат Шахаров, қала әкімі:

– Мына рекрутингтік шараларды жиі ұйымдастыратын боламыз. Себебі ол өте қажетті. Қазір пандемияға байланысты көп жұмыс орындары босады. Жұмыс істейтін адамға жұмыс бар. 300 мың да төлейтін компаниялар бар. Бірақ соған адам таппай отыр. Себебі маусым бізде аз ғой. Жаз айларында осы құрылыс жұмыстарды тезірек аяқтау керек.

 

 

Хабар 24 телеарнасы