418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолаушы сөмкесінен есірткі табылды

  • 247
  • UPD: 12:58, 15.06.2020
Жолаушы сөмкесінен есірткі табылды

Қызылордалық полицейлер есірткі заттарын тасымалдаған Байқоңыр тұрғынын ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

13 маусым күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық тас жолының 1324 шақырымында шетелдік мемлекеттік белгісі бар автокөлікті тоқтатып, тексерді. Автокөлік ішінде жүргізуші мен жолаушы болған. Автокөлікті тексеру кезінде артқы орындықтағы жолаушының сөмкесінен полиэтилен пакетке оралған есірткі затына ұқсас жасыл түсті, өзіне тән иісі бар шөп ұнтақтары анықталды.

Сараптама қорытындысы бойынша оның жалпы салмағы 415,85 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті Арал ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодекс 296-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады.

Хабар 24 телеарнасы