Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа тест тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.
«Министр COVID-19 індетіне тест тапсырды. Нәтижесі теріс болып шықты. Асхат Қанатұлының жағдайы қазір жақсы, алайда, бекітілген ережелерге сәйкес, ол оқшауланып, қашықтан жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, белгілі бір уақыттан кейін, хаттамаға сәйкес, ол тестіні қайта тапсырады. Жұмыс кестеге сәйкес бейнеконференция режимінде жалғасады», – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.