419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз

  • 454
  • UPD: 15:10, 15.06.2020
БҚО-да эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз

Батыс Қазақстан облысында 967 адам қатерлі індетке шалдыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның ішінде 14 жасқа толмаған балалар саны – 48. Шектеу шараларын енгізу жөніндегі қаулыға сәйкес, барлық мектепке дейінгі балалар ұйымы, демалыс саябағы, ойын-сауық нысандары, кинотеатрлар, сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлер мен діни нысандар қызметін тоқтата тұрады. Түрлі деңгейдегі жиналыстар, семинарлар мен конференцияларды бейнебайланыс жүйесімен өткізу ұсынылды. Сол арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80 процентін «қашықтан» жұмыс істеу тәсіліне ауыстыру белгіленді. Облыстың барлық ауданында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркеліп отыр. Мамандар мұның себебін тұрғындардың санитарлық талаптарды орындамауымен байланыстырады.

Мұхамғали Арыспаев, тауарлар мен қызметтердің  сапасын бақылау департаментінің басшысы:

– 12 ауданның ішінде тек қана Қазталов ауданында індет тіркелген жоқ. Қалған аудандардың бәрінде қазір коронавирус инфекциясының тіркелу өсімі бар. Соның ішінде 82 пайызы осы Орал қаласында тіркелген. Жаз айларында той, туған дегендей үлкен жиындар көп өткізіліп жатыр. Соның бәрне бүгін тыйым салынып отыр.

Болатбек Қаюпов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Соңғы кезде ауыр жағдаймен түсетіндер көп тіркеліп отыр. Оның басты себебі науқастар дәрігер көмегіне дер кезінде жүгінбейді. Сондықтан оның салдары да ауыр болады. Өкінішке қарай бір науқастың өзі онымен байланыста болған көп адамның осы дертті жұқтыруына әкеліп соғады. Осылайша, ауру өте жедел қарқынмен таралады.

Хабар 24 телеарнасы