425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауды қоршай блок-бекеттер қойылады

  • 378
  • UPD: 20:51, 15.06.2020
Көкшетауды қоршай блок-бекеттер қойылады

Көкшетау қаласында шектеу шарасы қатаңдатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтың бас санитар дәрігері кеше осындай шешім қабылдады. Құжатқа сәйкес, бүгін кешкі сағат сегізден бастап облыс орталығының айналасына 7 блок-бекет қойылады. Алайда қозғалыс, әзір шектелмейді. Тек кіріп-шыққан адамның бәрі бақылауға алынады. Мұндай қадамға баруға Көкшетауда соңғы екі аптаның ішінде 50-ден астам адамның коронавирусқа шалдығуы себеп болды, дейді мамандар. Қалада қоғамдық көліктердің қозғалысы да шектелді. Олар таңғы 6 мен 10-ның аралығында, кешкісін 17:00-ден 21:00-ге дейін қатынайды. 10 адамнан артық жиналуға, той-томалақ жасауға да тыйым салынды. 65-тен асқан қарияларға тығыз шаруасы болмаса сыртқа шығуға рұқсат жоқ. 14 жасқа толмаған балалар ата-анасының қарауынсыз тыста жүрмеуі тиіс. Блок-бекеттерде вирустың қайдан келіп жатқаны бақыланады.

Серік Омарханов, тауарлар мен қызмет сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Иә, бір апта аурушаңдықтың өсу темпін қараймыз. Бақылаймыз. Ол тоқтамайтын болса, онда қозғалыс тоқтатылады. Блок-бекетте негізінен термометрия, дененің қызуын өлшейді. Сауалнама өткізеді. Ол сауалнаманың ақпараты веб-қосымшаға енгізіледі. Планшеттерге енгізіледі. Сол арқылы біз адамның жағдайын, жүріп жатқан жерін бақылаймыз.

Хабар 24 телеарнасы