422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арыстағы жарылысқа қатысты істе 16 адамға айып тағылды

  • 374
  • UPD: 20:53, 15.06.2020
Арыстағы жарылысқа қатысты істе 16 адамға айып тағылды

Арыс қаласындағы жарылыстарға қатысты істе 16 адамға айып тағылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар: Нұр-сұлтан қаласында қызмет атқарған еліміздің Қорғаныс министрлігінің сегіз әскери қызметшісі; Түркістан облысы Арыс қаласы мен Шымкент қаласында орналасқан жеті әскери қызметші және Шымкенттегі бір азаматтық тұлға, делінген хабарламада. Биыл мамырдың басында айыпталушылардың негізгі бөлігі жоғары лауазымды офицерлер екені анықталған. Сондай-ақ, жарылысқа дейін оқдәрі қоймаларындағы өрескел ереже бұзушылық туралы жергілікті және елордалық офицерлердің білетіндігі белгілі болды. Арыстағы жарылыстың алдын алу үшін Қорғаныс министрлігі 650 млн теңгеден астам қаржы бөлген.

 

 

Хабар 24 телеарнасы