423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда футбол командасын дайындауға бөлінген ақша қолды болған

  • 260
  • UPD: 20:57, 15.06.2020
Атырауда футбол командасын дайындауға бөлінген ақша қолды болған

Атырауда облыстық дене-шынықтыру және спорт басқармасы мен «Атырау» кәсіби спорт клубы» қоғамдық қорының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар «Атырау» футбол командасын дайындауға бөлінген 160 млн теңге көлеміндегі қаржыны ұрлау фактісі бойынша айыпталып отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу-тексеру басталды. 

Айдос Мамыт, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

– «Атырау» футбол командасын республика кубогі мен чемпионатына дайындауға бөлінген 160 млн теңгені жымқырды деген күдікпен Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қосымша ақпаратты алдағы уақытта хабарлаймыз.

 

Хабар 24 телеарнасы