423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда санитария талаптарын сақтамаған 100-ге жуық мекеме жабылды

  • 361
  • UPD: 23:10, 15.06.2020

Сақтықта қорлық жоқ. Бірақ тазалық талаптары туралы күн сайын айтылғанмен жұрт еркінсіп, санитарлық ережелерді елейтін түрі байқалмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыда карантин режимі жеңілдетілгелі бері тәртіпті сақтамаған 100-ге жуық мекеме жабылды. Қалада қауіпті вирус жұқтырғандар саны 3 мыңнан асып кетті.  

Алматыдағы бірқатар сауда орыны мен кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды. Басты себеп – тазалық талаптарының сақталмауында.  Мысалы, көпшілік баратын «Көк базарда» жұмыс істейтін 20 адам індетке шалдығып, аурудан айыға алмаған бір кісі көз жұмды. Медеу аудандық санитарлық қызмет базарда инфекциялық зерттеу жүргізіп, сауда орынын уақытша  жабу туралы шешім шығарды. Базар басшылығындағы барлық қызметкер бейсенбі күні короновирусқа тест тапсырады. Жалпы сауда орныны 2 800 ден астам саудегар бар. Олардан да сынама алынады. 

Ерлан Қалиев, базардың әкімшілік басшысы:

– Қазір базарды дезинфекциялау жұмысын бастадық. Жалпы, 3 гектар аумақты аптасына үш рет тазалаймыз.  Әкімшілік қызметкерлері мен  мен саудагерлер карантинде. Жоспарға сәйкес, базар екі жетіден кейін қайта ашылады деген үміттеміз.

Сонымен қатар «Рахат» кондите  фабрикасынан да вирусқа шалдыққан 400-ден астам адам  анықталды. Фабрика уақытша жұмысын тоқтатты. Қаладағы санитарлық-эпидемиологоиялық ахуал туралы айтқан  бас санитарлық дәрігер енді барлық сауда орындарындағы жұмыс уақыты қысқартылады деді. Бірқатар мекемені қашықтан жұмыс істеуге көшіруге, банк қызметкерлерінің 50 пайызын  ғана кеңсеге келуіне кеңес берді. 

Жандарбек Бекшин, қаланың бас санитарлық дәрігері:

– Ойын бизнесі дейміз. Бильярд, компютерлік клубтар, боулингтер және букмекерлік конторалардың жұмыстарына шектеу қойылды. Бүгінгі қаулы бойынша. Шектеуміз әлі де сақталады.

Карантин талабын қатаңдатуға  негіз де жоқ емес. Өйткені Алматыда қауіпті індетпен аурағандар саны бойынша көш бастап тұр. Қазір қалада 3100-ден астам адам корновирусқа шалдыққан. Ал емделіп шыққандар саны 2060 адам. Десек те, көпшілік орындарда бетперде киіп жүруге әркімнің пікірі бөлек.

Сонымен қатар қалада барлық мәдени және спорттық іс-шаралар өткізуге болмайды. Кино мен театр, музей мен цирк, жұмысына рұқсат жоқ. Ал ережені елемеген сауда орындары анықталатын болса, әкімшілік жауапқа тартылады.

Авторлары: Алмас Садуақас, Ерлан Шалбаев

Хабар 24 телеарнасы