430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы ауруханаларында орын жеткілікті ме?

  • 282
  • UPD: 09:59, 16.06.2020
Алматы ауруханаларында орын жеткілікті ме?

Алматы ауруханаларында  орын жеткілікті. Бірақ қауіпті вирус індетіне ілінгендер саны күн сайын артып жатқандығы алаңдатарлық жағдай. 

Жалпы ресми дерекке сүйенсек шаһарда 3113 адамнан ауру анықталған. Ал коронавирус белгісі байқалмаған әртүрлі жастағы 813 тұрғынның індет жұқтырғаны белгілі болды.

Камалжан Надиров, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

- Ауруханаға түскендер саны артып келеді. Бірақ орын жеткілікті. Соған қарамастан медицина саласының сарқылмас күші жоқтығын да ескерткіміз келеді. Қауіпті вирусты жұқтырғандар арасында жастардың көбейіп келе жатқаны алаңдатады.

Хабар 24 телеарнасы