421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жарты ғасырлық тарихы бар ғимараттар жаңартылады

  • 273
  • UPD: 08:47, 16.06.2020

Ақтөбенің екі шағын ауданында ғасырға жуық тарихы бар ғимараттар қайта жаңармақ. Атап айтқанда, қасбеттері жөнделіп, аулаларына абаттандандыру жұмыстары жүргізіледі. Осылайша идея авторлары  нысандардың бастапқы келбетін жоғалтпай, қалпында сақтап қалуды  көздеп отыр. Қазір қос көшедегі бірнеше ескі үйді жаңартуға қатысты пилоттық жоба дайын. Оған демеушілер де тартылатын болады.

Зейнеткер Любовь Шваб әжейдің осы үйде тұрып жатқанына 40 жылдан асқан. Айтуынша, өткен ғасырдың орта шенінде салынған баспанасы осы уақытқа дейін шыдап берді.  Тек көршілермен бірігіп, құбыр жүйесі мен подъезді жаңартқаны рас. Дегенмен, күрделі жөндеу жүргізетін уақыт жетті. Жаңбыр жауса пәтер іші не су аға бастаған.

Любовь Шваб, қала тұрғыны:

- Біздегі басты мәселе төбе жабындысының ескіргені болып отыр. Ақ жауын болса, үйге су кіреді. Егер жаңартамыз десе келісер едік. Ал қалған бөлігіне қатысты ешқандай шағымымыз жоқ.

Бұл үйді терможаңғырту бағдарламасы аясында қайта жаңарту көзделген. Алайда төбені жөндеп, желілерді ауыстыруға кететін шығын пәтер иелері есебінен жүргізілетінін естігенде, тұрғындар бас тартқан. Өздерінің айтуынша, негізінен қарттар тұратын шағын ауданға мұндай шарттар тиімсіз және жүргізілетін жұмыстың да сапалы болатыны күмән туғызыпты. Ал үйлердің тарихи келбетін сақтауға қатысты жұмысқа тұрғындардың еш қарсылығы жоқ.

БЛИЦ:

- Абаттандырып жаңартқан дұрыс әрине. Бірақ, ескілігіне қарап, ысырып тастаудың мүлде қажеті жоқ. Өйткені, бұл үйлер өте сапалы салынғанына көзіміз жетті. Тіпті қоршаулары да сол күйінде тұр. Өте әдемі көрінеді.

- Бұл қалың тарихы. Сондықтан да,осындай ғимараттарды  сақтау парызымыз деп білем. Өйткені, өткнсіз болашаққа ұмтылу да мүмкін емес.

Тұрғындардың пікірін өлкетанушылар да қолдайды. Олардың айтуынша, қаладағы тарихы терең ғимараттар ескі болғанымен, шаһардың шежіресі іспетті. Сондықтан да жаңарту жұмыстарын жүргізгенде де аса жауапкершілік қажет дейді. Әсіресе, 1890 жылдары салынған училище мен өткен ғасырдың басында бой көтерген теміржол станциясға және  кеңестік дәуірдегі зауыт жұмысшыларына салынған үйлер күтім керектігін айтады.

Роза Балдығарина, өлкетанушы:

- Мысалыға, біздің Ақтөбедегі мектептер: Бірінші двухкласный рускокиргизские училище, ендігі бір бұрышта тұрған «Шехеризада» қыздар мектебі, ендігі «Дом пионеров» деп аталынған үшінші мектеп. Оны кіттай жөндеп, әдемілеп ұстау керек. Себебі болашақ, балаларымыз тарихын білсін.

Бүгінде қаланың екі шағын ауданындағы екі көшенің ескі нысандарын жаңартуға қатысты жоба әзір. Оның ішінде Жеңіс даңғылындағы 32 үй, ал Шернияз көшесіндегі 25 үйдің қасбеттері жөнделеді. Сондай-ақ ол нысандардың аулаларын абаттандыру көзделген. Жұмысқа кететін қаржы көлемі қазір анықталып жатыр.

Сұлтан Аманшин, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары:

- Бұл жобаларды жүзеге асыру демеушілік қаражат есебінен асыру жоспарланған. Жилгородок ауданы бойынша қазірдің өзінде, демеуші бар. Бұл ірі кәсіпорындардың бірі. Қазір олар жобамен және оның бағасымен танысуда. Ал қаланың ескі бөлігінде әзірге демеушілер тарапынан ешқандай ұсыныс жоқ.

Қала әкімдігі өкілдері қолға алынған істің сәтті жүретініне сенімді. Егер пилоттық жоба сапалы жүзеге асса жалғасын табабы.  

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Айбек Даутов

Хабар 24 телеарнасы