418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында орман өрті жиілеп кетті

  • 165
  • UPD: 08:38, 16.06.2020
Павлодар облысында орман өрті жиілеп кетті

Павлодар облысында орман өрті жиіледі. Өткен демалыс күндері  облыс аумағында тіркелген 11 өрттің 9-ы «Ертіс орманы» резерватынан шықты.

Қызыл жалын жалпы аумағы 150 гектардан аса жерге таралды. Тілсіз жаудың бетін қайтаруға 20 ға жуық техника,  МИ-2  тікұшағы және 50 ге тарта адам жұмылдырылды.  Орман өрті Баянауыл ұлттық паркінде де тіркелді. Келтірілген шығын мен себептерін   арнайы комиссия анықтайды. Мамандар дала өртіне найзағай себеп болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Небәрі 4 айда ну орманның мың жарым гектардан аса жері жанып кеткен. Келтірілген шығын 11 млн теңге.

Самат Асайынов, ТЖД басшысының міндетін атқарушы:

- Ең ірі өрт өткен сенбі күні Галкин ауылдық округі,  «Ертіс орманы» резерватының аумағында тіркелді. Жалпы аумағы 151 гектар жерде қарағай, қарағаш және құрғақ шөп жанған. Біз жедел штаб құрып өрт сөндіру колонасын жасақтадық. Бірақ «Ертіс орманы» резерваты  өз күштерімен сөндіріп алды.  Сонымен қатар Баянауыл ұлттық паркі аумағынан шыққан өрт те дер кезінде сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы