431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте саяси ахуал ушықты

  • 334
  • UPD: 10:32, 16.06.2020
Беларусьте саяси ахуал ушықты

Беларусь елінде саяси жағдай шиеленісті. Сайлауалды науқан  басталмай жатып, тараптар арасындағы тартыс күшейді. Жағдайдың ушыққаны соншалық түрлі акциялар ұйымдастырылып, қылмыстық істер қозғалып жатыр.

Беларусь еліндегі сайлауалды науқан әдеттегідей өтетітіне көпшілік сенімді болған. Өйткені Лукашенкоға бәсекелес бола алатын қарсылас байқалмады. Ал оппозиция лайықты кандидат таппай әуре болды. Партиялар әртүрлі жиын ұйымдастырып, саяси бағыттарын айқындауға тырысқан. Бірақ ортақ шешімге келе алмады. Сәйкесінше үміткерге қатысты да нақты тоқтам болмады. Таласқа түскендер арасында либералды партия төрағасы Олег Гайдукевич бар. Ал көктемде оның қатарына Валерий Цепкало мен Виктор Бабарико қосылды. Алғашқысы бір кездері елдегі кремний алқабын басқарса, кейінгісі елдегі ірі банктердің біріне жетекшілік етті. Кейін блогер Сергей Тихановский да сайлауға түскісі келетінін мәлімдеп, мыңдаған адамдық пикеттер ұйымдастыра бастады. Салдарынан 15 күнге қамауға алынып, аяқасты қайта босатылды және бұл жаңалық оның танымалдылығын одан сайын арттыра түсті. Бірақ блогер қазір тағы да темір торға тоғытылған. Оған себеп - жиындардың бірінде милиция зардап шегіпті.

Иван Носкевич, Беларусь тергеу комитетінің төрағасы:

- Осы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 342-бабы 1-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр. Яғни «қоғам тәртібін бұзуға бағытталған әрекеттерді ұйымдастыру» дерегі бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Қазір осы іске қатысы бар 10 адамға айып тағылды. Оның нақты қаншасы сотталатынын тап басып айту қиын.

Бүгінгі таңда президенттікке үміткерлер тізімінен екі адамның алынғаны белгілі болды. Оның бірі либералды партия төрағасы Олег Гайдукевич. Ал екіншісі кәсіпкер Наталья Кисель. Қос кандидат та сайлауға түсуден өздері бас тартқан. Ал тіркеудің аяқталуына санаулы күндер қалды. Саяси тартыстың күшейгені соншалық бұндағы халық короновирус туралы ұмытып та кетті. Күнделікті мыңдаған адам бас қосып, әртүрлі акциялар өткізеді. Қажетті жүз мың қолды Бабарико мен Цепкало есімді үміткерлер  жинап үлгерген. Ал елдің қазіргі президенті Лукашенконың сайлауға түсуін миллионнан астам адам қолдады деген ресми ақпарат бар.

Александр Лукашенко, Беларусь президенті:

- Елдегі жағдайды бақылап отырмыз. Орталық сайлау комиссиясы төңірегінде және жалпы қоғамда не болып жатқанын жақсы білем. Халықты сабырға шақырғым келеді. Даурықпау керек. Біздің елде ешқандай төңкеріс болмайды. 

Лукашенко өз сөзін іспен дәлелдеуге кірісті. Ал жоғары технологиялар паркінің негізін салушы Валерий Цепкало Беларусь аграрлы елден бөлек IT- державаға айналуы қажет деген ұран тастады. Бірақ артынан оған да кінә тағылды. Яғни, Цепкало жылжымайтын мүлікке қатысты қитұрқұлықққа барды делініп отыр. Бұған қоса өткен аптаның соңында тағы бір кандидат Бабарико басқаратын банкте тексеріс жүргізілді. Салдарынан біраз кәсіпкер ұсталды. Екі қылмыстық іс қозғалды.

Виктор Бабарико, Беларусь президенттігіне кандидаттыққа үміткер:

- Мен дәулетті адаммын. Оны ешқашан жасырған емеспін. Барлық табысымнан салық төлеймін. Сәйкесінше, бүкіл халықтың бай-қуатты өмір сүргенін қалаймын. 

Александр Лукашенко қылмыстық істердің сайлауалды науқанға еш қатысы жоқтығын айтады. Барлығы заң аясында деді ол. Беларусь еліндегі кезекті сайлау 9 тамызда өтеді. Ал саяси науқанға түсетін үміткерлер тізімі алдағы аптада белгілі болады. 

Авторлары: Дмитрий Лукша, Константин Никаноров

Хабар 24 телеарнасы