ҚР ДСМ: КВИ жұқтырған министрдің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды
- 393
- UPD: 10:47, 16.06.2020

Коронавирус инфекциясын жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пневмонияға шалдыққан, деп хабарлайды zakon.kz.
– Коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған Елжан Амантайұлы бүгінде ауруханада пневмониядан емделіп жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалайды. Ем-дом клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр. Ол вирусқа қарсы терапияны жақсы көтерді, – деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
– Ауруханада жатып та министр коронавирус инфекциясымен күрес штабты жұмысын қашықтықтан үйлестіріп, өз ісін атқара береді. Жақында ол аурудан толықтай айығып, міндеттерін тікелей атқаруға кіріседі деп үміттенеміз, – деді Ахметшәріп.