427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазмарганец» кен басқармасының 33 қызметкерінен COVID-19 анықталды

  • 432
  • UPD: 19:18, 16.06.2020

Қарағанды облысындағы кәсіпорынның жұмысы 19 маусымға дейін уақытша тоқтатылды, деп хабарлады компания.

Науқастар вахталық ауысымға шығар алдында өтетін ПТР тестілеу нәтижесінде анықталған. Қазір кәсіпорында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Виктория Машкарина, компания өкілі:

– Қазір вирус жұқтырғандармен байланыста болғандардың тізімі түгел анықталып, олардан жаппай медициналық сараптама алынды. Ал кен орнында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Кәсіпорынның жұмысын қалыпты ұстап тұру үшін қазір санаулы адам өндіріс ошағында еңбек етіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы