418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде өкпенің қабыну дертіне шалдыққандар көбейді

  • 324
  • UPD: 21:04, 16.06.2020

Батыс Қазақстан облысында 991 адам инфекция жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның ішінде 14 жасқа толмаған балалар саны – 48. 566 адам жазылып шықты. Карантиндік стационарда 116 науқас емделуде. Үйде оқшауланған 992 адам дәрігерлер бақылауында. Шектеу шараларына байланысты өңірде адамдар көп жиналатын кез келген той-томалаққа қатаң тыйым салынды. Халыққа қызмет көрсету және медициналық орталықтар онлайн режиміне өтіп, кейбір қызметтерді алдын ала жазылу бойынша жүзеге асыра бастады. Дене қызуы көтерілген, жөтел немесе тұмау белгілері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмеуі тиіс. Дегенмен қауіпсіздік шараларын әлі де күшейте түсу керек дейді мамандар. 

Сағи Алдабергенов, қала тұрғыны:

– Коронавирустан сақтану үшін бірінші автобустан бастау керек. Автобуста халық лық толы, ешкімнің маскасы жоқ, тіпті жүргізушіде де.

Болатбек Қаюпов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Біз осыған дейін симптомсыз науқастарды емдеп, жазылған соң үйлеріне қайтарып келдік. Ал қазір өкінішке қарай өкпенің қабынуына шалдыққандар саны өсіп барады. Яғни адамдар бірден дәрігер көмегіне дер кезінде жүгінбей, ауруды асқындырып алатынына көз жеткізіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы