476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан қаласында облысаралық үш автобекет жабылды

  • 860
  • UPD: 21:09, 16.06.2020

Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, шаһардағы «Алтын Орда», «Мерей» және «Түркістан орталық» автобекеттерінің қызметі тоқтатылған.

Бірақ мұның елдегі қауіпті індетке еш қатысы жоқ дейді басқарма қызметкерлері. Қала ішіндегі ескі автобекеттерді жауып, Шымкент бағытындағы жаңа «Түркістан» автовокзалын іске қосқан. Сондай-ақ Қызылорда бағытындағы «Алтын Бұлақ» және «Яссы» автовокзалдары да жолаушыларға қызмет көрсетіп жатыр. Ал ескі автобекеттен шыққан заңсыз жолаушы тасымалдаушы қоғамдық көліктерді құзырлы орган өкілдері кері қайтарылып, ескерту жасап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы