420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Карантинде билеген қарағандылық әкім ескерту алды

  • 287
Карантинде билеген қарағандылық әкім ескерту алды

Қарағанды облысындағы Жәйрем кентінің әкімі Аманғазы Наукенов карантин кезінде ұжыммен бірге би билеп, онысы әлеуметтік желіге тарап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әкімнің бұл әрекетін кейбіреу жақтап жатса, кейбіреу даттады. Ал кент басшысы бұл жазбаны мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында түсіргенін айтып ақталды. Дей тұрғанмен, тексеріс кезінде әкімдік ұжымының карантин талаптарын бұзғаны анықталып отыр. Көңіл көтеру шарасына қатысқандардың ешқайсысы бетперде, қолғап кимеген және арақашықтық сақтамаған. Енді биші әкім қарамағындағы қызметкерлермен бірге жауапқа тартылады.

Диана Оспанбекова, Қаражал қаласы әкімінің аппарат басшысы:

– Бұл іс-шара карантин кезіндегі қолданысқа шектеуді бұза отырып өткізілді. Сол себептен қызметтік тексеру нәтижелеріне сәйкес, тәртіптік комиссияның ұсынысы бойынша Қаражал қаласы әкімінің өкімімен Жәйрем кентінің әкімі Наукенов қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертіліп, тәртіптік жазаға тартылды.

Хабар 24 телеарнасы