418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Bek Air» ісі: 909 қазақстандық 52 млн теңгеден аса қаржыны қайтаруды талап етуде

  • 194
  • UPD: 22:59, 16.06.2020

Бүгін Алматыда «Bek Air» әуе компаниясына қатысты сот отырысы жалғасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда 909 қазақстандық 52 миллион теңгеден аса ақшасын қайтаруды талап етуде. Ал әуе компаниясы ақшаны билетті сатқан делдал «Авиата» компаниясы қайтару керек дейді. Ал бұл мекеме билетті сатудан түскен қаржы бірден «Bek Air-ге» жіберілетінін айтады. Сондықтан жолаушыларға өтемақы төлейтін бізде қаражат жоқ дейді. «Bek Air» басшылығы апат болған күннен бастап ұшақтарымыз ұшпайды, сондықтан табысымыз жоқ деп қол қусырып отыр. Әуе компаниясы қазір жолаушылар тасымалдау сертификатынан айрылған. Бірақ бұл жолаушылардың қарызын қайтаруға болмайды деген сөз емес деді прокурор.

Айжан Тайбекова, авиациялық прокуратураның бас прокуроры:

– «Bek Air» компаниясының билеттерін сатып алуға кеткен ақшаны өндіру туралы шағым талаптарын қанағаттандыруды сұраймын.

Әлихан Шакенов, шағымданушы тараптан тұтынушылар құқын қорғау комитетінің өкілі:

– Біріншіден, «Bek Air» компаниясының қызметін тұтынушыларға ұшақ билеттерінің құнын қайтару құқын мойындау керек. Екіншіден, жауап берушіге тоқтатылған рейстердің билет құнын өтеуді міндеттеу қажет.

Хабар 24 телеарнасы