429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында мыңнан аса адам жұмысқа орналасады

  • 363
  • UPD: 10:05, 17.06.2020

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жұмыссыздарды еңбекпен қамтып қана қоймай, аймақтағы өзекті проблеманың шешілуіне де оң ықпал етіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, осы жоба аясында Алматы облысы Алакөл ауданында мектеп жөнделіп, ауыз су тартыла бастады. Құрылысқа 1100-ден аса адам тартылмақ.

Жұмахан Балапанов ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері ауыз судың азабын тартып келеді. Кеңестік кезеңде салынған құбырдың тозығы жеткендіктен елді мекенде тіршілік нәрі тәулігіне екі рет беріледі. Оның өзінде де тазалығы сын көтермейді, дейді Болат Әбілов.

Болат Әбілов, Ж.Балапанов ауылының тұрғыны:

– Судың басы ашық. Заманға сай да емес. Жаңбыр жауатын болса судың бәрі лай болып кетеді. Ашық-шашық жатыр.

Тұрғындардың өзекті мәселесі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында шешілді. Елді мекенде су құбыры тартылып жатыр. Тіршілік нәрі тоспадан емес, енді ұңғымадан алынбақ. Жоба көпшіліктің тұрмысын жақсартып қана қоймай, еңбек етіп, табыс табуына да мүмкіндік берді.   

Жомарт Садықов, Алакөл ауданының тұрғыны:

– Жұмыспен қамту орталығына бардым, осында жіберді. Осында келдім, өтініш жаздым, жұмысқа қабылдады. Қазір бәрі жақсы. Жалақым жақсы.

Ал Қайнар ауылындағы мына мектеп 40 жыл бұрын салыныпты.  Ескірген білім ордасы қазір жөнделіп жатыр. Құрылыс жұмыстарына осы елді мекенде тұратын оншақты адам тартылған. Олардың барлығы карантин кезінде табысынан айрылғандар.

Бағдат Канағатов, Қайнар ауылының тұрғыны:

– Бізде 4,5 адам бар. Көрші ауылдардан  бес алты адам бар. Оншақты адамнан жұмысқа тартып жатыр.

Алмас Әбденов, Алакөл ауданы әкімінің орынбасары:

– Аудан бойынша 53 жоба қарастырылған. 52 жоба атқарылып жатыр. 1179 жұмыс орны ашылады. Соның 50 пайызын жұмыспен қамту орталықтары арқылы қамтып отырмыз. Бұл дегеніңіз, 592 адам.

Жалпы, Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 977 жоба жүзеге асырылмақ. Оған 22 мыңнан аса адам тартылады. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Гүлнәр Жантасова, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы