432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда су қорғау белдеуінде тұрған ғимараттарды алуға қыруар қаражат керек

  • 307
  • UPD: 08:34, 17.06.2020
Алматыда су қорғау белдеуінде тұрған ғимараттарды алуға қыруар қаражат керек

Алматыдағы су қорғау белдеуінде тұрған ғимараттардың жер телімдерін сатып алу үшін 6 триллион 450 миллиард теңге қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов экологтармен өткен онлайн тыңдауда мәлімдеді. Бұл қаражатты 50 процентке үнемдеуге болады. «Ол үшін Су Кодексінің ескі редакциясына қайта оралу керек», – дейді маман. Өйткені 2009 жылдың бірінші шілдесінде жаңа Су кодексі қабылданып, су қорғау белдеуі 35 метрге дейін ұлғайтылған. Нәтижесінде бірқатар құрылыс автоматты түрде заңсыз болып шыға келді. Қазір су қорғау белдеуінде 15 жарым мыңнан астам ғимарат тұр. Көбінде жерінің құжаты болғанымен, ғимараттарын заңдастыра алмай отыр. Егер құжатқа өзгеріс енгізілсе су қорғау белдеуінде тұрған 7721 ғимарат қалады. Ал ол жер телімдерін сатып алуға шамаман 3 триллион 750 миллиард теңге жұмсалады. Бірақ эко белсенділер бұл бастаманы құптамады. Олар 15 мыңнан астам ғимараттың мәселесін Су кодексіне өзгеріс енгізбей-ақ шешуге болады деп отыр.

Алмасхан Ахмеджанов, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы:

– 2009 жылға дейінгі берілген жер телімдері сол 20 метрлік талапқа сай келеді. Ол ешқандай заңды бұзбайды. Кезінде мемлекет сол жер телімдерін су қорғау белдеуі 20 метр деген есеппен берді. Ал 20 метрге дейінгілердің барлығын Экология министрлігі арқылы қайтару мәселесін ұсынып отырмыз. Бірақ бұл 6 триллион теңге емес, екі есе аз болады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы