421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде суға түсу маусымы басталғалы бері 13 адам ажал құшты

  • 229
  • UPD: 08:34, 17.06.2020
Өскеменде суға түсу маусымы басталғалы бері 13 адам ажал құшты

Өскеменде алғаш рет «Жас отан жастар қанатындағы» еріктілер мен құтқарушылар бірлесіп  арнайы рейд өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Судағы барлауға» қатысушылардың негізгі мақсаты, тұрғындарды сақтыққа шақырып, қайғылы оқиғалардың алдын алу. Мамандар мен белсенділерден құралған топ Ертісті  10 километрге жуық  бойлап өтті. Өйткені биылғы суға түсу маусымы басталғалы бері 13 адам бақилық болған. Олардың арасында бала да бар. Көпшілігі жабдықталмаған, терең жерлерде шомылып, қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарағандар. Аптап ыстық жалғасса, өзен жағасына салқындауға баратындар қатары әлі де артатыны анық. Сондықтан құтқарушылар  күн сайын жіті бақылауды жалғастырып, қажет болса әкімшілік  жауапкершілікке тартуға дейін бармақ.

Марина Лискова, қалалық ТЖБ баспасөз хатшысы:

– Әңгімелескен демаулшылардың көпшілігі жағажай суға түсуге арналған ба әлде қауіпті ме оған мән бермейді. Үйімізге жақын болға соң келе салдық деп жауап қайтарады. Бірақ  осы бейқамдық соңы қаншама қайғылы жағдайға ұласып жатыр. Бүгінгі рейді біз күн сайын өткізетін боламыз. Осы күнге дейін 6 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тарттық.

Хабар 24 телеарнасы