423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды

  • 495
  • UPD: 11:04, 17.06.2020
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннен коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спикер қазір оқшауланған. Төменгі палата төрағасы карантин талаптарын қатаң сақтап, соңғы айда қашықтан жұмыс істеген. Әрбір пленарлық отырыстың алдында коронавирусқа тест тапсырған. Ал маусымның тоғызы мен он бірі күні Нұрлан Нығматулин денсаулық сақтау министрімен кездесті. Ал Елжан Біртановтан коронавирус табылған соң Мәжіліс төрағасы кеше тағы бір мәрте тест тапсырған. Өкінішке қарай, сынама оң нәтиже берді.

Атап өтейік, Нұрлан Нығматулиннен анықталған вирус симптомсыз. Қазір ол қашықтан жұмыс істеп жатыр. Ал бүгінге жоспарланған Мәжілістің пленарлық отырысын төрағаның орынбасары өткізбек.

 

Хабар 24 телеарнасы