421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денсаулық туралы кодекс қабылданды

  • 239
  • UPD: 14:13, 17.06.2020
Денсаулық туралы кодекс қабылданды

Ел Парламенті денсаулық туралы кодексті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста Сенат енгізген бірқатар өзгертуді мақұлдады. Енді құжат Президенттің қол қоюына жіберіледі. Депутат Зәуреш Аманжолованың мәлімдеуінше, кейбір норма қылмыстық кодекстен алынып, әкімшілік құқық бұзушылықтар қатарына қосылады. Бұл өзгерістер дәрігер қателігі  мәселесін қамтиды. Алайда медицина қызметкері клиникалық зерттеуді дұрыс жүргізбесе немесе жаңа емдеу тәсілдерін қолданып, науқастың денсаулығына айтарлықтай зиян тигізсе, онда бұл Қылмыстық кодекске сәйкес қарастырылады. Сондай-ақ, құжатта ата-аналардың міндетті түрде қойылатын екпелерден бас тарту мүмкіндігі жайында нормалар бар.

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы