426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада COVID-19 жұқтырған жүкті әйелдерге арналған жеке перзентхана ашылады

  • 234
  • UPD: 16:11, 17.06.2020
Елордада COVID-19 жұқтырған жүкті әйелдерге арналған жеке перзентхана ашылады

Елордада коронавирус жұқтырған аналар 17 нәрестені дүниеге әкелді.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Қазірге дейін қаланың инфекциялық стационарларында коронавирус жұқтырған аналар 17 нәрестені дүниеге әкелді. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында инфекцияға шалдыққан 112 жүкті әйел тіркелді. Оның ішінде стационарларда 78 жүкті әйел бар», - деді С.Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар қазіргі жағдайға байланысты атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

«Қазіргі кезде жұмылдырылған стационарлар саны 10-ға жетті. Қосымша провизорлық стационарлардағы орындар саны 300-ден 705-ке дейін көбейтілді. Бүгін жұмыс күні аяқталғанға дейін бөлек перзентханыны немесе COVID-перинаталдық орталықты ашу көзделген. Яғни, осы іс қайта бейіндеу есебінен жүзеге асырылады», - деді Сәуле Қисықова.

Хабар 24 телеарнасы