430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қостанай облысында карантин күшейтілуі мүмкін

  • 690
  • UPD: 20:47, 17.06.2020
Қостанай облысында карантин күшейтілуі мүмкін

Қостанай облысында инфекция жұқтырғандардың саны көбейіп барады. Әсіресе аймақтың Арқалық, Амангелді, Жангелдин сияқты аудандарында өршіп тұр. Бірер күнде мұнда 43 адамнан  кеселдің белгісі анықталды. Енді өңірде  күшейтілген карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін.

Владимир Нечитайло, облыстың бас санитарлық дәрігері:

- Тұрғындардың дені қоғамдық орындарда, автобустарда маска тағуды, өзара арақашықтықты ұстанбайды. Қарапайым санитарлық ережелерді сақтауды біржолата ұмытқандай. Егер осылай жалғаса беретін болса, онда шектеу шараларын қатаңдатуға мәжбүр боламыз.

Хабар 24 телеарнасы