418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да коронавируспен күресетін дәрігер жетіспей жатыр

  • 214
  • UPD: 20:51, 17.06.2020
БҚО-да коронавируспен күресетін дәрігер жетіспей жатыр

Батыс Қазақстан облысында коронавирус індетімен күресетін медициналық қызметкерлер тапшы. Ауруханаларда науқастарға орын жетпей жатыр.

Бұл туралы өңір әкімі Ғали Есқалиев өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасында хабарлады. Облыс басшысы жеке клиникаларда жұмыс істеп жатқан ақ халаттылардан көмек сұрап отыр.

Айта кетейік, өңірде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Қазірдің өзінде ауруханада 200 адам жатыр. Дәрігердің көмегіне жүгінбей, өз бетімен емделіп жатқандар да аз емес. Салдарынан ауру асқынып, науқастардың халі нашарлаған. Сол себепті өңір басшысы тұрғындарды карантин режимін қатаң сақтауды ескертті.

Хабар 24 телеарнасы