429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда карантинді бұзған мейрамхана иелерінің ісі сотқа жіберілді

  • 538
  • UPD: 22:31, 17.06.2020
Павлодарда карантинді бұзған мейрамхана иелерінің ісі сотқа жіберілді

Павлодарда санитарлық талаптарды сақтамаған мейрамхана мен тамақтану орындары иелерінің ісі сотқа жолданды. Оларға бұған дейін ескерту жасалған. Мамандар кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп сауда орталықтарын, базарлар мен қоғамдық тамақтану орындарын да тексереді. Көпшілігіне ескерту берілді. Бүгінгі таңда қала бойынша эпидемиологиялық ереженің бұзылмауы 7 мониторинг топтың бақылауында.

- Вы должны соблюдать жесткий санитарно-эпидемиологический режим в соответствии с алгоритмом. Все здесь расписано, прошу вас ознакомить всех и в дальнейшем я вам выставляю вот это уведомление.

Гүлмира Нешітбаева, тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаментінің бас маманы:

- Негізгі ереже бұзушылықтар маска режиміне қатысты туындап жатыр. Жұмысшылардың қолында қолғаптары жоқ. Заларсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етілмеген. Бұл сауалдарға жауап та жоқ. Жеке кәсіпкерлер сақтық шараларына мән бермей отыр.

Хабар 24 телеарнасы