432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда белгісіз заттан уланған екі адам ауруханаға жеткізілді

  • 377
  • UPD: 11:19, 18.06.2020
Павлодарда белгісіз заттан уланған екі адам ауруханаға жеткізілді

Павлодарда екі адам белгісіз заттан уланып қалды.

Жедел жәрдемді полиция патрулі шақырған, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ер адамдар Ломов көшесі, 155-ші үйдің жанында жатқан.

«Екеуі де есінен танып қалған. Белгісіз заттардан улану, алкогольдік интоксикация. Олар Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілді. Ес-түссіз жатқан ер адамдардың фотосы әлеуметтік желідегі парақшада пайда болды», - деп атап өтті ведомство.

Хабар 24 телеарнасы