418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізге жалған құжаттармен автокөлік кіргізбек болғандар ұсталды

  • 191
Елімізге жалған құжаттармен автокөлік кіргізбек болғандар ұсталды ҚР ҰҚК

 

Қазақстан шекарашылары «Қарақоға» автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) Қазақстанға жалған құжаттармен және мемлекеттік нөмір белгілерімен автокөлік құралын кіргізудің алдын алды.

«Қарақоға» өткізу пунктінде автомашинаны толық қарау кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктің және тіркеу нөмірлері белгілерінің жалған екені анықталды. Ұсталған автомобиль СҚО-ның М.Жұмабаев ауданындағы АПБ-ға тапсырылды», – делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Хабар 24 телеарнасы