431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда карантин режимі күшейтілді

  • 305
  • UPD: 18:30, 18.06.2020
Атырауда карантин режимі күшейтілді

Адам көп шоғырланатын барлық нысанда сақтық шаралары қатаң сақталып, маска тағу, арақашықтықты сақтау бақылауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындардың да беймезгіл жүруіне, Жайық өзені жағалауында серуендеуіне шектеу қойылып отыр. Жағажайларда демалуға да тыйым салынды. Айта кетейік, қаладағы балабақшалардың біріндегі 3 қызметкерден ауру белгілері анықталып, енді жаңа қаулыға сәйкес, барлық балабақша жабылды. Мұнайлы шаһардағы карантин режимін қайта қатайтуға індеттің белең алуы басты себеп болған. Өткен тәуліктің өзінде 21 адамның қауіпті індетке шалдыққаны анықталды. Ал симптомсыз 92 науқас тіркеліп отыр.

Амантай Жұмағалиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

– Біздердің сұрайтынымыз – тұрғындардың өзі, халықтың өзі өзінің жеке бас сақтық шараларын  орындаса екен. Осылайша өзінің жанұясын, қоғамды осы аурудан сақтау үшін бір адамдай жұмылып, шектеу шараларын іске асырады деген үміттеміз.

 

Хабар 24 телеарнасы